Коронавирус: Пандемия кезінде ойлап табылған өнертабыстар

Коронавирус өршіп тұрған кезде қауіпсіз және жайлы өмір сүру үшін әртүрлі құралдар ойлап табылып жатыр. Солардың бірнешеуімен таныстырып өтеміз.
Медициналық маскадағы ыңғайсыздықты жоятын құрылғы
Медициналық маскада бірнеше сағат бойы жүру мамандар үшін ыңғайсыздықты тудырады. Тыныс алудың қиындығы, терлеуден бөлек құлақтың артқы бөлігі қажалады. Канадалық скаут Куинн Рони бұл қолайсыздықтың қарапайым шешімін тапты.

Ол маска жібін құлақтың артына тағатын емес, бастың артқы бөлігінде ілетін қарапайым құрылғы ойлап тапқан. Оны 3D принтерде басып шығарып, өз қаласындағы ауруханаларға тегін таратқан.
Куинндер әулеті бұл құрылғыны әлеуметтік желіге салған. Кез келген адам жүктеп алып, 3D принтерде басып шығара алады.
Вирустан қорғайтын бетперде

Virustatic Shield бетпердесінің басқа бетперделерден айырмашылығы – микробтар мен инфекциялардан қорғайтын арнайы қабатқа ие. Бұл бетперде инфекция қаупі бар ағзалар – ауызды, құлақты, мұрынды толық жабады. Жеңіл матадан жасалған, ұзақ уақыт киген кезде ыңғайсыздық туғызбайды, дем алуға кедергі келтірмейді. Бірнеше рет қолдануға арналған, жууға болады.
Қолдың көмегінсіз есікті ашуға арналған құрылғы

Есік тұтқаларын қолдың көмегінсіз болатын бірнеше құрылғылар әзірленді.
Солардың бірі – лондондық дизайнер Стив Брукс жасаған гигиеналық ілгек. Гигиеналық ілгек жеңіл, қалтаға сиятын шағын және жууға болатын материалдан жасалған. Ілгекті лифт түймесін басу үшін де пайдалануға болады.
Уэльстік тағы бір өнертапқыш Вин Гриффитс те есікті қолдың көмегінсіз ашудың қарапайым және ерекше әдісін ойлап тапқан.

Бетті қорғайтын білезік

Білезік смартфонға қосылады, ал арнайы қосымшаны орнату кезінде бет мүшелері білезікпен "таныстырылады". Егер қолыңыз автоматты түрде бетіңізге жақындай бастаса, білезік белгі береді. Өнім сатылымда, оның бағасы шамамен 50 доллар.
Курьер дрондар

Әскери және таспаға түсіру мақсатында кеңінен қолданылатын дронды шектеулі карантин кезеңінде күнделікті тапсырмаларды орындау үшін де қолдануға болады.
Қосымша жүкті көтере алатын және қашықтан басқарылатын дрон моделін және смартфонға немесе компьютерге қосып азық-түлік, дәрі-дәрмек алып келуге болады.
Алайда, көптеген елде дрондарды қолдануға шектеу қойған. Мұндай шектеу технологияның танымал болуына кедергі келтіреді.
Massaget.kz