Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғалымдар коронавирус ауада қанша уақытқа дейін өмір сүретіндігін анықтады

Ғалымдар коронавирус ауада қанша уақытқа дейін өмір сүретіндігін анықтады

Kyzylorda-news.kz. Қытайдың ғалымдары коронавирус ауада 30 минут қана өмір сүретіндігін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.
Зерттеушілердің айтуларынша, ауруды жұқтырмау үшін адамдар бір-бірінен төрт метр қашықтықта болуы тиіс. Бұған қоса сарапшылар жұқпалы инфекция вирусы адам жөтелген немесе түшкірген жерде бірнеше күнге дейін сақталып қалатындығын жеткізді. Сөздерінше, микроб тиген затты міндетті түрде тазартып тұру шарт.
Тәжірибе автобуста коронавирусты жұқтырмаған адамдарға негізделіп жасалған. Яғни бейнебақылау камерасы орнатылған қоғамдық көліктердің бірінде сырқаттанған адам отырған көрінеді. Бұған қоса ол медициналық маска кимепті. Ғалымдар вирусты тасымалдаушы автобустан түсіп кетсе де, инфекция ол жерде сақталып қалатындығын алға тартты.
Автобустың барлық жолаушысы коронавирус жұқтырыпты. Зерттеушілер бұл жағдайды олардың маска кимеуінде және ауру тасымалдаушымен біргі бір жерде тығыз отыруында деп түсіндірді.
Атап кетерлік жайт, вирустың өмір сүру ұзақтылығына әртүрлі факторлар әсер етеді: ауа температурасы, жабық кеңістік т.с.с. Мысалы Цельсий шкаласы бойынша 37 градус температурады коронавирус әйнек, мата, металл, пластик және қағаз бетінде екі-үш күнге дейін сақталады. Жұқпалы микробтар, әсіресе, жабық жерде тез таралып кетеді. Бұған қоса коронавирус адам нәжісінде бес күнге дейін сақталады.
Сарапшылар қолды жиі жуып тұру керек екенін айтып, бетті қолмен көп ұстамауға кеңес берді.
15 наурыз 2020 ж. 338 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области