COVID-19: Жаңадан 17 жағдай тіркелді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 465-ке жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 270. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте 17 дерек тіркелді. Оның 10-ы індет жұқтырғандармен байланыста болған, ал 4 - өздері ақылы тапсырған азаматтардан, 3 - жағдай емхананың скринингінен анықталған»,- деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 5121 азамат анықталды. Оның ішінде, 2923- тікелей қарым-қатынаста, 2198- жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 147 адам ем алуда. Оның 26- карантиндік госпитальда, 36-провизорлық стационарда, ал 244 азамат карантиндік бақылауда.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.