Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19: Қызылорда қаласынан бөлек бірнеше аудандарда індет жұқтыру көрсеткіші артуда

COVID-19: Қызылорда қаласынан бөлек бірнеше аудандарда індет жұқтыру көрсеткіші артуда

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 318-ғе жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 231. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 17 жағдайы тіркелді. Оның 14-і індет жұқтырғандармен байланыста болса,1 жағдай 24 мамырда Ресей Федерациясынан келген студенттен анықталған. Ал қалған 2 жағдай Д есепте тұратын науқастарды скринингтеуден белгілі болды»,-деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған- 4133 азамат анықталды. Оның ішінде, 2303-і тікелей қарым-қатынаста, 1830-ы ықтимал байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 66 адам ем алуда, карантиндік госпитальда-22, провизорлық стационарда-26, карантиндік стационарда-232 азамат бақылауда.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтан сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
27 мамыр 2020 ж. 210 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области