COVID-19: Соңғы тәулікте 12 жағдай тіркелді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 272-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 12 дерек тіркелді. Оның 11-і індет жұқтырған азаматпен байланыста болса, 1-еуі көпбейінді қалалық аурухананың изолятор кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты , емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3695 азамат анықталды. Оның ішінде, 2051-і жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.