COVID-19: Жаңадан 6 дерек тіркелді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 296-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 227. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының жаңадан 6 жағдайы тіркелді. Оның 4-і індет жұқтырғандармен байланыста болса, 1-еуі скринингтеу кабинетінен, ал 1-і Түркістан облысынан келген азаматтан анықталды», - деді бас дәрігер.
Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 3856 азамат анықталды. Оның ішінде, 2151-і жақын қарым-қатынаста, 1705-і жанама байланыста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 71 адам ем алуда. Реанимация бөлімінде -5 науқас жатыр, оның 4-еуінің жағдайы ауыр болса , 1-еуінің халі мүшкіл, ИВЛ аппаратына қосылған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.