Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де дәрістер әнұранмен басталады

Шараның мақсаты тәуелсіздік символы саналатын мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету.
Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап барлық академиялық оқу топтарында сабақтар мемлекеттік Гимнмен басталатын болып шешім қабылданды.
Осыған орай университеттің барлық оқу ғимараттарына соңғы үлгідегі дыбыс күшейткіш құралдар орнатылды. Қазіргі таңда білім алушылар мен қызметкерлердің ұлттық рухын көтеру мақсатында Ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдері, Құрманқазы, Дина, Дәулеткерей мен Тәттімбеттің және басқада күйшілердің туындылары орындалып, патриоттық нақыштағы әндер қосылып тұр.