5 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып өткізіледі.
Қазақстанда эколог күні
Бұл кәсіби мереке «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңында белгіленген. Мұндағы кәсіби мерекелер тізімі 2011 жылы жаңартылған болатын. Эколог күні елде демалыс күні болып саналмайды.
1938 жылы Әулиеата қаласына ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жамбыл қаласы - Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ол әр жылдары Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян деп аталған болатын. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға оның көне атауы (Тараз) қайта берілді.
1991 жылы ССР Қазақ министрлер кеңесінің «Міржақып Дулатовтың есімін Торғай облысы «Бидайық» кеңшарына және Қанапия Қайдосовтың есімін «Речной» кеңшарына беру туралы» Қаулысы қабылданды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы тұрақты өкілдігін құру туралы Жарлығына қол қойылды. БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының тұңғыш тұрақты өкілі - Қазақстан тарихындағы тұңғыш елші әйел, Қазақстанның көрнекті дипломаты Арыстанбекова Ақмарал Хайдарқызы болды.
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Норвегия Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды.