Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда коронавирусты бақылау бойынша веб-қосымша іске қосылды

Қазақстанда коронавирусты бақылау бойынша веб-қосымша іске қосылды

Kyzylorda-news.kz. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында COVID -19 бақылау бойынша веб-қосымша іске қосылды.
4 маусымда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында ДДСҰ Еуропалық бюросының, Қазақстан Республикасындағы және Қырғыз Республикасындағы ДДСҰ Елдік кеңсесінің, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің қатысуымен COVID-19 бақылау бойынша IT-шешімдерді, атап айтқанда, «COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасын іске қосу жөнінде кеңес өтті. Әзірлеушілер мен ҚР ДСМ ҚДСҰО ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ДДСҰ-дағы әріптестеріне, сондай-ақ Қырғыз Республикасының өкілдеріне веб-қосымшаны көрсетті.
Төтенше жағдайдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандық IT әзірлеушілермен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің қолда бар ресурстары негізінде COVID-19 таралуына қарсы бірқатар IT-шешімдерді әзірлеп, іске қосты. Осы шешімдердің бірі «COVID-19 бақылау орталығы» веб-қосымшасын әзірлеу болды. Енді веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізудің негізгі құралы болып табылады. Қосымша 2020 жылғы 10 сәуірде іске қосылды және пайдаланушының ыңғайлылығын ескере отырып әзірленді. Бұл жүйенің мақсаты ҚР аумағында COVID-19 таралуын мониторингілеу және есепке алу болып табылады.
Қосымша белгілі бір уақытта ақпарат алуға, пациенттерге бақылау жасауға және оларды есепке алуды жүзеге асыруға, аймақтар мен өкілеттіктер бойынша деректерге қолжетімділікті бақылауға, ауру жұқтырған ошақтарды анықтауға және бақылауға, картада пациенттердің мекенжайын автоматты түрде табуға, байланыс ағашын құруға, терең кастомизацияны қамтамасыз етуге (конструктивтік немесе дизайнерлік өзгерістер енгізу арқылы нақты тұтынушылардың тапсырыстарына өнімді дараландыру) мүмкіндік береді. Ол пайдалануға ыңғайлы, барлық құрылғы түрлерінде бейімделген интерфейс, отырғызу орындарының автоматты картасы, қазақ және орыс тілдерінде локализация бар, ДК-де, сонымен қатар мобильдік құрылғыларда жұмыс істейді. Веб-қосымша басқа елдерден келген, сондай-ақ ауру жұқтырған және байланыста болған адамдарға мониторинг жүргізу үшін орталық құрал болды. Әзірленген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін веб-қосымша веб-қосымшаны пайдаланушылардан келіп түсетін жаңа күрделі міндеттерді ескере отырып жаңартылады.

05 маусым 2020 ж. 196 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области