Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР Денсаулық министрлігі жалақыны көтеру мәселесі бойынша қауырт желіні іске қосты

ҚР Денсаулық министрлігі жалақыны көтеру мәселесі бойынша қауырт желіні іске қосты

Kyzylorda-news.kz. Денсаулық сақтау министрлігі медицина саласының қызметкерлерінің жалақысына қатысты қауырт желіні іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Денсаулық сақтау министрлігінде 2019 жылдың 1 маусымынан бастап денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің жалақысына қатысты сұрақтар бойынша қауырт желі телефоны іске қосылды. Қосымша сауалдарыңыз болса, жұмыс күндері сағат 9-00 ден бастап 18.30-ға дейін 8 (7172)74-32-17 телефонына хабарласа аласыздар», делінген хабарламада.
Министрлік дәрігерлерге осы мәселе бойынша кәсіподақ ұйымдарына хабарласуға болатындығын жеткізді.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы: М.С.Бутина, телефоны: 8-701-722 -9153; Б.А.Тәжібай, телефоны 8 (7172)-25-49-30; Г.Е.Мусина, телефоны: 8-702-999-4040. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының телефоны: И.А.Тощева 8 (7172)-20-23-72.
Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесіндегі 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30 пайызға өсетіндігін хабарлаған болатын. Қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмыс өтілі мен біліктілік санатына қарай өседі.

11 маусым 2019 ж. 382 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области