Қармақшыда аймақ басшысының орынбасары жұмыс сапарымен барды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болды.
Ол Қармақшы ауданындағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысының барысымен танысты.
Аудан әкімдігінде Қармақшы ауданындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы және Жосалы кентін газдандыру мен коммуналдық шаруашылық саласының жай-күйі жайында мәжіліс өткізді.
Мәжілісте аудан әкімі Мұса Қалдарбеков мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде аудандағы іске асырылатын жобаларға тоқталып өтті.
Сонымен бірге мәжілісте салалық басқарма басшылары Қармақшы ауданында атқарылып жатқан жұмыстар мен түйінді мәселелерге тоқталды.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары тиісті басқарма басшылары мен аудан әкімдігіне бірқатар тапсырмалар жүктеді.