Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Бүгін ел аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен күн ашық, тек батыста және оңтүстікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Шығыста түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, Жамбыл, Түркістан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.
Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады, Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Атырау облысында күндіз аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.
08 маусым 2020 ж. 195 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области