29 шілде күнгі ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. 29 шілдеде циклонның және сонымен бірге ауа ағынының өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде жел, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында, таңертең және күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысында найзағай жарқылдап, жел түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді, таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай , дауыл тұруы ықтимал. Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Алматы, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.