17 маусымда солтүстікте бұршақ жауса, батыс пен шығыста жел күшейеді
Kyzylorda-news.kz. 17 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауады, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста күн ашық болады. Кей жерлерде найзағай, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, күндіз дауыл тұруы, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.
Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.