Қазақстанда коронавирус симптомдары жоқ науқастар саны артты

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған, алайда аурудың типтік белгілері жоқ науқастар жалпы науқастар санынан бөлек есептеледі деп шешті. Елімізде 3 маусымнан бері COVID-19 инфекциясының клиникалық белгілері жоқ 1 357 тасымалдаушысы анықталды.
Ресми мәліметке сәйкес, коронавирустың симптомдары жоқ науқастардың ең көбі Нұр-Сұлтанда (62 адам), Шымкент (49 адам) және Алматы қаласында (40 адам) анықталды.
Осылайша, Нұр-Сұлтанда коронавирус симптомы жоқ 203 науқас, Алматыда 135, Шымкент қаласында 180 науқас тіркелді.
7 маусымда Ақтөбе облысында ауру симптомы жоқ бір де бір науқас тіркелген жоқ.
Өзге өңірлердегі жағдай:
Ақмола облысы - 4,
Алматы облысы - 9,
Атырау облысы - 25,
Шығыс Қазақстан облысы -17,
Жамбыл облысы - 4,
Батыс Қазақстан облысы – 30,
Қарағанды облысы - 37,
Қостанай облысы - 4,
Қызылорда облысы - 2,
Маңғыстау облысы - 5,
Павлодар облысы - 5,
Солтүстік Қазақстан облысы - 6,
Түркістан облысы 14 ауру белгісі жоқ науқас анықталды.
Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 12 859 адамда анықталды, 7 376 адам жазылып шықты, 56 адам көз жұмды.