Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бала қауіпсіздігін сақтауға байланысты жиын өтті

Бала қауіпсіздігін сақтауға байланысты жиын өтті

Kyzylorda-news.kz. Белгіленбеген жерде суға түсу оқиғалары балалар арасында жиілеп барады. Мұның салдары қайғылы оқиғаға алып келуде.
Осы мәселеге орай Қызылорда облысы әкімінің орынбасары облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамовтың төрағалығымен облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаментінің мамандары қатысты. Сонымен бірге аудан әкімдерінің жауапты сала басшылары онлайн байланысқа шықты.
Комиссия отырысында судағы қауіпсіздікті сақтау, тыйым салынған нысандарды оқушыларға жан-жақты ақпараттандыруды күшейту керектігі айтылды.
Облыс әкімнің орынбасары белгіленбеген су айдындарында балаларды шоғырландырмау үшін тиісті деңгейде жұмысты қолға алуды тапсырды.
Комиссия отырысында қаралған тағы бір мәселе - кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқықтарын қорғау. Бұл бағытта да назар қоятын мәселелер аз емес.
Наурызбай Байқадамов сала өкілдеріне тиісті тапсырма беріп, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне үнемі мән беру керектігін еске салды.
08 маусым 2020 ж. 154 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области