Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Белгіленбеген аймақта суға түскендерге айыппұл салынады

Белгіленбеген аймақта суға түскендерге айыппұл салынады

Kyzylorda-news.kz. Суға түсу маусымы басталғаннан бері сақтық шараларын сақтамай, қайғылы жағдайға ұшырап жатқандар аз емес. Облыстағы су айдындарында, әсіресе Сырдария өзенінде азаматтардың әртүрлі себептермен қайғылы жағдайға ұшырауы, оның ішінде суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселеге айналды.

Өткен жылы облыс бойынша суда 22 адам қаза тапқан. Оның 8-і балалар. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Саид Молдақараев және Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекеме бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрсұлтан Ибрагимовтің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
«Биылғы 2019 жылдың басынан 5 тамызға дейін облыс аумағындағы су айдындарында 29 адам қаза болған. Оның 12-і бала. Қызылорда облысының аумағындағы су айдындарында қауіпті учаскелердің саны 64, сол жерлерде 163 ескерту тақтайшалары орнатылған және судағы қауіпсіздік бойынша 60 билборд орнатылды»,-дейді Саид Молдақараев.
Аталған деректерде анықталғандай, 12 адам балық аулау кезінде, 20 адам суға түсуге арналмаған жерде батып, 4 адам абайсыз жағдайда, 2 адам белгісіз жағдайда суда қалқып кеткен.
Айта кету керек, белгіленбеген жерде суға түскен азаматтар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235 кодексінің 364-бабына сәйкес бірнеше айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.
07 тамыз 2019 ж. 732 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области