Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралар түсіндірілді

Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралар түсіндірілді

Kyzylorda-news.kz. Биылғы 2019 жылдың басынан облыс аумағындағы су айдындарында 5 адам қаза болды. Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуынан.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов мәлімдеді.
Облыс бойынша 3 жұмыс жасайтын жағажай тіркелген. Бір жағажай Шиелі кентінде болса, қалған екеуі Қызылорда қаласының аумағындағы Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан. Аталған демалыс орындарына көбінесе маңайында тұратын халық қана барады.
«Департаменттің және оның бөлімшелері 2019 жылдың басынан азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуде. Атап айтқанда 2019 жылдың басынан бері ұйымдарда, оқу орындарында және тұрғындар арасында әңгімелесулер мен кездесулер ұйымдастырылып «Судағы қауіпсіздік ережелері» мен «Судағы зардап шеккен адамдарды құтқару және оларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбындағы 2 интерактивті сабақ, 27 дәріс, 20 жиналыс және нұсқаулықтар өткізілді, 4887 үнпарақтар таратылды», - деді О.Бержанов.
29 мамыр 2019 ж. 659 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области