Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібін түсіндірді

Қызылордалық полицейлер Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу тәртібін түсіндірді

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Садықов Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді тіркеуге қатысты брифинг өткізді.
«Бірінші – азаматтарымыздың осы жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелген автокөліктерін есепке қою. Екінші – тіркеуді осы жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде жүргізу. Үшінші – тіркеуге тек басқару органы сол жаққа орналасқан автокөліктер жатады. Төртінші – тіркеу үшін жасалатын төлемдер. Үкімет үш төлеммен шектелу туралы шешім қабылдады. Бірінші – тіркеу жинағы үшін 695 теңге, екінші – техникалық төл құжат (техпаспорт) бажы үшін – 3 473 теңге, үшінші – мемлекеттік нөмір бажы үшін – 7 778 теңге. Төлемдердің жалпы сомасы – 11 946 теңге», - дейді Нұрлан Садықов.
Көлік құралдарын тіркеу үшін жеке басын куәландыратын құжат, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615 бабына сәйкес, мемлекеттік баждың есептік айлық көрсеткішінің 0,25% (11 946 теңге) мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағы туралы құжат, Армения Республикасының уәкілетті органдарымен берілген көлік құралдарының КҚТК және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), мемлекеттік және орыс тілдерінен басқа тілде жазылған көлік құралдарын тіркеу үшін берілген құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылады және міндетті түрде аударымның дұрыстығын растайтын нотариустың немесе осы іске құқылы басқа тұлғаның қолы болуы тиіс.
Сонымен қатар ерекше белгілеріне «ТСРА» және «Басқа тұлғаға тіркеуге жатпайды» деген жазба енгізіледі. Қазақстан Республикасында берілген көлік құралдарының КҚТК және МТНБ жоғалған жағдайда, жазбаша түрде жоғалу себебі көрсетіледі. МТНБ жоғалтқан кезде қайталама нұсқасы (дубликат) дайындау жолмен беріледі. Бірыңғай ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізілмейді.
Қазақстан Республикасына 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін әкелінген жоғарыда аталған көлік құралдары, сондай-ақ Армения Республикасының уәкілетті органдары берген тіркелген құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаға тіркелмейді.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша Армения Республикасынан әкелінген 30-дан астам автокөлік тіркеуге алынды.
Тіркеу шарттары бойынша қажетті ақпараттарды алу үшін Call-орталығы (8 (72-42) 29-77-44) жұмыс істейді.
08 маусым 2020 ж. 207 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области