Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда оқ-дәрі сақтайтын 2 қойма салынады

Қазақстанда оқ-дәрі сақтайтын 2 қойма салынады

Kyzylorda-news.kz. Биыл елімізде оқ-дәрі сақтауға арналған 2 нысанның құрылысы басталады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының адам тұрмайтын аудандарында оқ-дәрі сақтауға арналған 2 заманауи нысан құрылысы басталады. Олар барлық қалған сақтау нысандарының жүктемесін барынша азайтуды және елдің азаматтық тұрғындарының қауіпсіздігін барынша сақтауды қамтамасыз етеді», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.
Оның атап өтуінше, аталған екі нысанға қойылатын негізгі талаптар Қарулы Күштердің нормативтік-құқықтық актілеріне, қауіпсіздік нормаларына негізделген. Сонымен қатар ол нысандардың құрылысына қажетті құжаттарды дайындау жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.
«Биыл үлгереміз деп үміттенеміз», - деді Бақыт Құрманбаев.
08 маусым 2020 ж. 178 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области