Қазалы ауданының әкімі үшемнің ата-анасын құттықтады

Аудан басшысы үшемдердің дені сау, ғұмыры ұзақ болсын деген тілегін жеткізіп, сый-сияпаттарды тарту етті.
Мамыр айының басында Әйгерім Махамбетжанова дүниеге Айғаным, Айғант, Асылым атты үшем әкелген болатын. Әйгерім жұбайы Қуанышпен бірге Тоғжан, Ақтілек, Ғани, Әлия және Жайна атты 5 баланы өсіріп отырған бақытты ата-ана. Қуаныштың анасы Кәмпит Алтынбай да өмірге 11 баланы әкелген көпбалалы ана.
Естеріңізге сала кетейік, елімізге «Егіздер ауылы» атымен танымал Ү.Түктібаев ауылында 23 егіз, 2 үшем дүниеге келген.



