АНАЛАРДЫ ҚОС МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүкіл еліміз Астана қаласының 20 жылдығын тойлап, қуаныш пен шаттыққа кенеліп жатқанда, яғни шілденің 6-сы күні Қазалы ауданында екі сәби, 1 ұл және 1 қыз бала дүние есігін ашты.
Мереке қарсаңында аудандық орталық аурухананың перзентхана бөлімінде болған аудан әкімі Мұрат Ергешбаев пен аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов сәбилерді дүниеге əкелген Бекарыстан би ауылының тұрғыны Айжан Қожақова мен Əйтеке би кентінің тұрғыны Гүлмира Серікті мерейлі мерекемен құттықтап, қуаныштарымен бөлісті.
Қос мерекеге кенелген аналарға гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталды. Өз кезегінде жас аналар аудан басшыларына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
Айта кетейік, Сыр халқының демографиясына ерекше үлес қосып келе жатқан Қазалы ауданында жыл басынан бүгінгі күнге дейін 838 бала өмірге келген.
Жанар ҚАЙНАЗАРОВА,
Қазалы ауданы.