Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда 50 жылдан астам жұмыс істеген трансформатор қайта жаңғыртылуда

Қармақшыда 50 жылдан астам жұмыс істеген трансформатор қайта жаңғыртылуда

Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында «Жосалы» бас қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Қосалқы станция құрылысының сметалық құны 1 702 млн теңгені құрайды. Бұл станция жарты ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істеуде. Айта кетейік, күш трансформаторының орташа қызмет ету мерзімі 20-25 жылды құрайды. Бірақ сауатты және білікті техникалық қызмет көрсету және жөндеу күшімен «Қызылорда ЭТТК» АҚ персоналымен энергетикалық жабдықты пайдаланудың екі есе мерзіміне қол жеткізілді.
220/35/10 кВ қосалқы станциясының электр жабдықтарын қайта құру жобасында қарастырылған, қуаты 25 МВА Т-1 220/35/10 кВ және қуаты 6,3 МВА Т-2 35/10 кВ күштік трансформаторларын орнату, 35 және 10 кВ тарату құрылғыларының жабдықтарын монтаждау, сондай-ақ жедел басқару пункті бойынша жұмыстар аяқталуда.
Қайта құру электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға, тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, белгіленген қазіргі заманғы жабдықта электр энергиясының шығынын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
09 маусым 2020 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области