Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңыр іргесіндегі ескі электр станциялары жаңғыртылуда

Байқоңыр іргесіндегі ескі электр станциялары жаңғыртылуда

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр іргесіндегі Төретам кентінде қосалқы электр станциясын кеңейту және жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Станция жарты ғасырдан бері жөнделмеген. Сондықтан елді мекенде жарықты іркіліссіз беру мәселесі өзекті еді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бұл құрылысқа 340 адамды тарту көзделген. Қармақшы аудандық электр тарату тораптары мекемесінің станциясы да қайта жөнделіп жатыр. Нысандағы құрылғылар әбден ескірген. Жауын жауса, станция істен шығып қалатын. Мамандар «осы олқылықтың орнын биыл толтырамыз», - дейді.
«Қазіргі таңда 1 млрд 600 млн теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба аясында аталған қосалқы станция қайта жаңғыртылудан өтетін болады. Нәтижесінде аудан халқы тұрақты түрде, сапалы электр энергиямен қамтамасыз етілетін болады. Жалпы құрылыс жұмыстарын біз қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз», - дейді Қызылорда облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Медет Ұсайын.
21 мамыр 2020 ж. 194 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области