Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ – ЖАЛАҒАШТА

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ – ЖАЛАҒАШТА

Енді, өзімізде өндірілген электр энергияның игілігін көретін күн алыс емес. Жуырда Жалағаш ауданында қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев қоғамдық қабылдау жиынында мәлімдеді.
Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы. Аталған жоба сәтті жүзеге асса, ең алдымен өңірдің экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді. Өзгеге тәуелділіктен арылып, тариф бағамын реттеуге де мол мүмкіндік туады. Осы мәселені жан-жақты талқылаған мамандар электр станция салынатын орынды көріп, одан шығатын қуат көзімен танысты.
– Әлемнің озық мемлекеттері жасыл экономикаға көше бастады. Біздің ел де соған аяқ басып келеді. Міне, енді жасыл энергия Жалағашқа келгелі тұр. Ең бастысы экологиялық қауіпсіздігі зерттеліп, тиімділігі анықталса, болашағы жарқын жоба деп білемін, - деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев.
Айта кетейік, бұл станция құрылыс жұмыстарын жүргізуге инвестор «Номад Солар» серіктестігі ниет білдіріп отыр. Станция салуға кенттің шығыс аумағынан 164 гектар жер телімі бөлінген. Күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылып, станция іске қосылғаннан кейін мұнда шамамен 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

16 шілде 2018 ж. 1 085 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области