Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕҚДБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

ЕҚДБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОБАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРАДЫ

«Байқоңыр Солар» ЖШС қуаты 50 мВт электр станциясының құрылысы Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Азия даму банкі және Таза технологиялар қорының бірлескен жобасы аясында қоса қаржыландырылатын болады. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы халықаралық қаржыландырудың бірінші бірлескен жобасы жыл сайынғы CO2 шығарылуын 75000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.
  Бүгін Астанада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірінші вице-президенті Юрген Ригтеринк арасында күн электр станциясын салу жобасын қолдау туралы келісімге қол қойды.
«Байқоңыр Солар» ЖШС күн электр станциясы Шымкент-Қызылорда автожолынан 1,8 шақырым қашықтықта Шиелі ауданының Сулутөбе мен Бірқазан елді мекендерінің ортасында салынады. Құрылыс алаңының маңында 600 м қашықтықта «ТҚ-6-Қызылорда» және «ТҚ-6-Шиелі-Қызылорда» екі 220 кВ жоғары вольтты электр тарату желісі өтеді. Станция көрші аудандар мен Қызылорда қаласына қызмет көрсететін болады.
  Инвестициялар Қызылорда облысында стационарлық күн электр станциясы мен жаңа қосалқы станциясының жобасын әзірлеу, құрылысын салу және пайдалануға беріледі. Жаңа жоба CO2 газының жыл сайынғы шығарылуын 75000 тоннаға қысқартуға және аймақта қосымша жұмыс орындарын ашып, шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
  Анықтама үшін: ЕҚДБ Азия даму банкі және Таза технологиялар қорымен бірлесе қуаттылығы 50 мВт күн электр станциясының құрылысын салуға несие береді. Несие алушы - United Green жеке британдық инвестициялық холдингінің 100 пайыз еншілес компаниясы «Байқоңыр Солар» ЖШС.
  Жобаның қаржылық пакеті ЕҚДБ-нің 30 000 АҚШ долларға дейін (теңгемен есептегенде) және Таза технологиялар қорының 10 400 000 АҚШ долларға дейін (доллар мен евромен есептегенде) екі аға несиені қамтиды. АДБ 11 500 000 долларға дейін теңгемен несие бермек. Бұл ЕҚДБ Жаңартылатын қуат көздерін қаржыландыру бағдарламасы аясында мақұлданған бесінші жоба. Осы күнге дейін ЕҚДБ Қазақстан экономикасына 8.7 млрд.АҚШ доллар инвестиция салды.
18 мамыр 2018 ж. 549 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области