Байқоңыр күн электр станциясы апаттық жағдайда ажыратылды
Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында желтоқсан айында іске қосылған жаңа 50 мегаваттық «Байқоңыр» күн электр станциясы өзіндік электр энергиясы түнгі уақыт пен күн сәулесінің болмауына байланысты апаттық жағдайда сөндірілді.
Бұл ретте электр энергиясы ұлттық электр желісіне берілетін 220/20 кВ "Байқоңыр" жоғарылататын қосалқы станциясы, 220 кВ секциялық ажыратқышы, 220/20 кВ "Байқоңыр" және 220 кВ "РУ-6" қосалқы станциялары арасындағы 220 кВ Л-2599 электр беру желісі күн электр станциясы өндіретін 10 МВт - тан астам электр энергиясын ұлттық электр желісіне беруін толығымен тоқтатты. "Байқоңыр Солар" электр станциясының және "КЕГОК" АҚ 220 кВ ұлттық электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды жою шаралары жүргізілді.
"Байқоңыр" қосалқы станциясында 220 кВ секциялық ажыратқыш және 220/20 кВ "Байқоңыр" және 220 кВ "РУ-6" қосалқы станциялары арасындағы 220 кВ Л-2599 электр беру желісі өзіндік электр энергиясы өндірілмегенінен түнгі уақыт пен күн сәулесінің болмауына байланысты қайта авариялық түрде сөндірілді. Осылайша күн электр станциясы толық токтан ажыратылды. "Байқоңыр Солар" электр станциясының және "КЕГОК" АҚ 220 кВ ұлттық электр желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды жою шаралары жүргізілді.
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті