Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бірқатар дәмханадан кемшіліктер анықталды

Қызылордада бірқатар дәмханадан кемшіліктер анықталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында мамандар қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық-дезинфекциялық және гигиеналық талаптар бойынша тексеру жүргізді. Аталған шара барысында бірқатар кемшіліктер анықталды.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, бұл орайда Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 22 мамырдағы қаулысы негізге алынған. Онда ұйымдастырылған ұжымдардағы, ас блоктарындағы және сауда объектілеріндегі қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс алгоритмі бекітілген. Бұл орайда Қызылорда қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланған.
Құжатта карантин кезінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік нысандарына қойылатын санитарлық-дезинфекциялық, гигиеналық талаптар көрсетілген. Сол талаптардың сақталуы ұдайы бақыланып отыр. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылған арнайы мобильді топ карантин шараларын жеңілдету кезінде іске қосылған нысандарға күнделікті рейд жүргізуде. Жұмысшы топ қоғамдық тамақтану орындарын аралау барысында сақтық шараларына салғырт қараған дәмханаларды анықтады.
Мамандардың айтуынша, бірқатар асханаларда үстелдер мен орындықтардың арасындағы арақашықтық сақталмаған. Келушілердің қолын өңдеуге арналған антисептик жоқ. Бар болса да олар көрінетін және қолжетімді жерге орнатылмаған. Асхана жұмыскерлері келушілерге бір рет қолданылатын қолғаппен, бетпердемен қызмет көрсетуі тиіс. Дегенмен оған бейжай қарайтындар анықталды.
«Асханада тамақ өнімдері кесілмеген көкөністер мен жемістерді қоспағанда, өлшеп-оралған күйінде сатылуы тиіс. Кезекте 5 адамнан артық тұруына жол берілмейді. Үстелдер мен орындықтар әр сағат сайын арнайы дезинфекция құралдарымен өңделуі тиіс» деді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекші маманы Г. Маханбетова.

10 маусым 2020 ж. 229 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области