Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралда карантиндік талапты бұзған 3 кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды

Аралда карантиндік талапты бұзған 3 кәсіпкерлік нысанға айыппұл салынды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері түнгі рейд жұмыстарын үздіксіз жалғастыруда.
Әдеттегідей, мобильді топ мүшелері бүгін індеттен сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, арнайы дыбыс күшейткіш құралдары арқылы әрбір аумақ бойынша шектеу шаралары үздіксіз хабарланды.
Рейд барысында карантин талаптарын бұзған 3 кәсіпкерлік нысан анықталды. Анықталған жағдай бойынша Арал аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы тарапынан хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданды.
«Атап өту қажет, денсалық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, карантиндік шектеулер енгізілген аумақтарда карантин талаптарының сақталуын тексеру көзделген. Осыған орайда, әрбір карантин режимін сақтамағандарға әкімшілік құқұқ бұзушылық кодексінің 462 бабының 3-бөліміне сәйкес айыппұлдар салынатындығын еске саламыз. Аудандағы эпидемиологиялық ахуал әзірге күрделі. Сондықтан да, барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз. Бұл – баршаға ортақ міндет», - делінген хабарламада.

09 маусым 2020 ж. 301 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области