Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзғандар жазадан құтылмады

Қазалыда төтенше жағдай режимін бұзғандар жазадан құтылмады

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұқпалы індеттің алдын алу мақсатында карантин жарияланып, бірқатар шектеулер енгізілгені белгілі. Алайда кейбір азаматтар карантин талаптарын бұзып, өзі және өзгенің денсаулығына бей-жай қарауда.
Жақында Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен төтенше жағдай режимін бұзу фактілері бойынша төрт әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Алдымен азаматша Р-ның ісі қаралды. Ол сағат 18.00-ден кейін азық-түлік дүкенінен сауда-саттық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, 26510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал ауданының тұрғыны азаматша Е. де карантин режимін бұзып, көршілес ауданнан Қазалы ауданы аумағына бақылау бекетінен айналып өтпекші болған. Сол үшін де ол ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен кінәлі деп танылды. Соттың қаулысымен Арал ауданының тұрғынына 27 780 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, азаматтардың негізсіз тұрғын үйден шығуына және автокөліктерімен жүруіне шектеу салынғанына қарамастан, Әйтеке би кентінің тұрғындары 2020 жылдың 9 сәуірі күні сағат 18.00-ден кейін кент көшелерінде көлік жүргізгендері анықталған. Сот қаулысымен азаматтар Н. және Р. ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 9-тармақшасымен кінәлі деп танылып, оларға 27 780 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Әйтеке би кентінің тұрғыны азамат Ж. өз иелігіндегі азық-түлік дүкенін сағат 18.09-де жауып, карантин уақытын 9 минутқа бұзғаны ескеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, ескерту жазасы қолданылды.
15 сәуір 2020 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области