Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды

Қызылордада 42500 теңгені талап еткен әйел жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғынына төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды.
13 сәуірде Nur Otan партиясының облыстық филиалының ғимаратына бірнеше адам жиналған. Олар әлеуметтік көмек тағайындалғандар тізімінде бар ма, жоқ па екенін білуге келген.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен прокуратура қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін жиналған адамдар тарай бастаған.
Алайда 27 жастағы қала тұрғыны карантин режимінің талаптарын сақтамай, полицияның ескертулеріне мүлдем құлақ аспаған. Осыған байланысты оған ӘҚБтК-нің «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салды.
15 сәуір 2020 ж. 284 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области