Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада діни бірлестік жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылды

Қызылордада діни бірлестік жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған діни бірлестік жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Елімізде төтенше жағдай режимі кезінде Қызылорда облысының Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген мониторинг барысында 2020 жылдың 5 сәуір күні Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде орналасқан “Полная Евангелия” христиандық діни бірлестігінде жексенбілік ғибадаттарды өткізу дерегі анықталды.

Тексеру барысында діни жоралғыға 12 адам қатысып, олардың санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандығы белгілі болды.

Төтенше жағдай режимін бұзған бұл діни бірлестіктің жетекшісі Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 7 сәуірдегі қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігі бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 26 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
09 сәуір 2020 ж. 255 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области