Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзу азаймай тұр

Рейдтік шаралар барысында төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын бұзғандары үшін облыс бойынша жалпы 29 дәмхана мен мейрамханалар, букмекерлік кеңсе және компьютерлік клуб иелері анықталды.
«Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша 17 әкімшілік іс сот құзырымен онлайн режимінде қаралып, оның ішінде 13 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынса, 4 азаматқа сот шешімімен әкімшілік қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы шығарылды. Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау қатаң бақылауда және осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда», - делінген полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.