Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғын жазаланды

Төтенше жағдай кезінде той жасаған тұрғын жазаланды

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай кезінде той жасаған түркістандық тұрғын жазаланды, деп хабарлайды Түркістан қалалық полиция басқармасы.
17 наурызда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үйінің ауласында белгісіз тұлғаның адамдардың басын қосып, той жасап жатқан бейнежазбасы таралды. Бұл дерек бойынша Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларын қабылдады.
Полицейлердің айтуынша, оқиға 16 наурызда түнгі уақытта Түркістан қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде болған.
«Қалалық полицейлер төтенше жағдай режимін бұзып, жиын өткізгені үшін той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік - құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты ведомство өкілдері заңға бағыну керегін ескертеді. Төтенше жағдай кезінде жиын, басқосуларды ұйымдастырмай, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасап, денсаулыққа мән беру қажет екенін айтады.
18 наурыз 2020 ж. 300 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области