Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұялы телефонмен сөйлескен автобус жүргізушілері жазаланды

Ұялы телефонмен сөйлескен автобус жүргізушілері жазаланды

Желтоқсан айының 3-9 күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы сыртқы және ішкі коммуникациялар тобының мәліметінше, іс-шараға Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Қызылорда ҚПБ Жергілікті полиция қызметінің 157 қызметкері қатысты. Олар алдын-ала және кезеңдік тексерулер жүргізуде, оның ішінде жүргізушілердің сапарға дейінгі баратын медициналық тексерулер және олардың жұмыс пен демалыс режимін сақтауы тексерілді.
4 күн ішінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне қатысты барлығы 54 әкімшілік хаттама рәсімделіп, оның ішінде ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша (автокөлік басқарған кезінде ұялы телефон пайдаланған үшін) – 10 дерегі, 592-бабына сәйкес (жылдамдық асыртқан) - 1 дерегі, 595-бабымен (маневр ережесін орындамаған) - 10 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелері бұзылған.
«Рейд кезінде полиция жүргізушілерге жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру туралы хабарлайды. Олар автобустар мен автобустардың жүргізушілерін Жол ережесін бұзбауға, жолаушылармен сыпайылық танытып, жолдардағы қырағылықты, мұқияттылық пен ынтымақтастықты сақтауға шақырады", – делінген қалалық Полиция басқармасының сыртқы және ішкі коммуникациялар тобының мәліметінде.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
10 желтоқсан 2018 ж. 528 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области