Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қайыршылықпен айналысқан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Қызылордада қайыршылықпен айналысқан балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды

Kyzylorda-news.kz. Қараша айының 9-16 күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлерімен  облыс орталығында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған іс-шараға көші-қон қызметі, патрульдік полиция және учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.
Іс-шараның  барысында  полиция органдарына әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған  266 тұлға жеткізіліп, баланы тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерін орындамаған 24 ата-ана ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда тиісу, қайыршылық  жасаған 99  азамат  -ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабын, 79 - ӘҚБтК-нің 517-бабы 1-бөлігімен (ҚР тіркеусіз болу, мерзімінің аяқталуынан кейін 3 тәулікке дейінгі мерзімде ІІО-на келу), 26 - ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігімен (тіркеу кезінде көрсетілген мекен-жай бойынша тұрмау, транзит қағидаларын сақтамау),  38 - ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (жүзеге асыратын қызметі визада және тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы).
Сондай ақ, іс-шара аясында облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 10 бала жеткізілді. Оның біреуі қайыршылықпен айналысқан,  9-ы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта  тұрғын жайдан тыс жерде болғаны үшін орналастырылды. Жасөспірімдердің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
19 қараша 2019 ж. 375 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области