Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Заңнама бұзған 595 шетелдік анықталды

Заңнама бұзған 595 шетелдік анықталды

Шілде айының 16-19 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші – жаз» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шара барысында еліміздің көші-қон заңнамаларын бұзған 595 шетелдік анықталды. Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының 56 азаматына және ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) Қазақстан Республикасының 28 азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Өзбекстан Республикасының 124 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылып, 44 азаматы республика аумағынан шығарылды. Бұған қоса, жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат қабылдау тарату орнына жеткізілді.
23 шілде 2019 ж. 451 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области