Қызылордада жүздеген ата-ана жауап беріп жатыр
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Балалар түнгі қалада» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара барысында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын жайдан тыс жерлерде болу деректерін анықтау мақсатында рейд ұйымдастырылған.
«Рейд нәтижесінде, ҚР ӘҚБтК-нің 132 - бабы бойынша түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге) кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол берген 6 дерегі анықталып, олардың әкімшілігіне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылса, осы ойын-сауық орындарында жүрген 13 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар рәсімделді», - делінген хабарламада.
Түнгі сағат 23:00-ден 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында балалардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болудың 103 дерегі анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.