Қызылордада «Құқық тәртібі» шарасы өтуде
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.
1-5 маусым аралығында облыс аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту, жолын кесу және жедел ахуалды сауықтыру мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 1381 қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкеп соқтырған әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді.
«Жол-көлік оқиғасына тікелей әсер еткен өрескел жол қозғалыс ережесін бұзушылыққа қатысты жылдамдықты асырған 174 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 9 дерегі, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 113 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуына қатысты 68 дерегі анықталды» делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық шарасы 5 маусымға дейін дейін жалғасады.