Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 4 күнде 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада 4 күнде 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Қызылода полицейлері ағымдағы жылдың 28 ақпан-6 наурыз аралығында қала аумағында құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Қызылорда Полиция басқарма басшылығы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында, ойын-сауық және халық көп шоғырланатын жерлерде мобильді патрульдер ұйымдастырып, қала жолдарында жол полиция патрульдерінің қызметін күшейтуде.
«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасының 4-күнінде 733-тен астам қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзуға әкеп соқтырған әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді.
Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей әкеп соғатын жол ережелерін бұзу фактілері бар. Атап айтқанда, жылдамдықты асырған 46 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 89 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлікті масаң күйде басқарудың 3 дерегі, тіркелмеген қаруды сақтаудың 7, қарсы бағытқа шығудың 6, есірткі затын сақтаудың және сатудың 6, есірткіні заңсыз сақтаудың және сатудың 6 дерегі тіркелсе, ұсақ бұзақылық жасаған 73 азаматқа, қоғамдық орындарда алкогольді сусындарды ішкен 154 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар шара барысында учаскелік полиция инспекторларымен ішкі істер органдарында түрлі профилактикалық есептерде тұратын 323 адам және 23 жағдайы төмен отбасылар тексеріліп, жалға берілетін 340 пәтердің заң талаптарына сай екендігі нақтыланды.

05 наурыз 2019 ж. 587 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области