Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 КҮНДЕ 108 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 КҮНДЕ 108 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ


Облыс көлемінде 24-наурыздан бастап «Жасөспірім және көше» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде.
  Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерінің алдын-алу, ескерту, жолын кесу. Сондай-ақ, құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
  Шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.
  Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның алғашқы екі күнінде 108 құқық бұзушылық анықталған. Ішкі істер органдарына ата-анасыз жүрген 96 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұған қоса, 8 жасөспірім профилактикалық және тізімдік есепке алынды.
  Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін 2 кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  Шара 28 наурызға дейін жалғасады.



27 наурыз 2018 ж. 653 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области