Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕРЕКЕДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ

МЕРЕКЕДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ


    Қызылорда облысы өңірлік коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қайрақбаев, Қызылорда облысы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция подполковнигі С.Сатқанбай «Жаңа жылдық пиротехника және жылу беру маусымындағы қауіпсіздік» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.
    2017-2018 жылғы жылу маусымы мерзімінде облыс бойынша 4 көмір қышқыл газына улану фактісі тіркеліп, олардан барлығы 8 адам зардап шегіп, емдеу орындарына жүгінген.
    Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар барысында өрттің алдын алу мақсатында мерекелік іс-шаралар кезінде пиротехникалық бұйымдарды, арнайы эффектісі бар ашық отты бөлмелерде қолдануға тыйым салу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, – деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қайрақбаев.
    Бүгінде есепке алынған объектілер әкімшілігімен және мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушылармен бірлесіп, іс-шара өтетін 431 орынға комиссиялық қарау жүргізілді. Қарау барысында көшіру жолдарының жағдайына, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығына, жаңа жыл шыршасын электр гирляндалармен, иллюминациялармен қауіпсіз безендірілуіне назар аударылды. Өрт қауіпсіздігі талаптарының 140 тармақта бұзушылықтары анықталып, оның 33 қарау барысында қалыпқа келтірілді.
    Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде талапқа сай келмейтін пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы» №422 бұйрығы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері бірлесіп өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық бұйымдарды сатуға рұқсаты жоқ жағдайларды анықтау мақсатында олардың сақтау және сату орындарына бүгінге дейін 3 рет рейдтік жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шара барысында Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама толтырылып, 29 дана пиротехникалық өнім тәркіленді.
    Арнайы және қолдан жасалған пиротехникалық құрылғыларды жару орын алған жағдайда, олар тәркілене отырып, жарған адамға ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бұл туралы Қызылорда облысы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі С.Сатқанбай мәлімдеді.  
    Сондай-ақ, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабы 1-бөлігі бойынша пиротехникалық құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға –5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
    Баспасөз-мәслихаты барысында облыстың барша тұрғындарына қысқы кезеңде төтенше жағдайдың алдын алу және болдырмау мақсатында өрт қауіпсіздігі ережесі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде де айтылды.
    Айгүл НҰРМАНОВА,
    Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
    бас маманы

25 желтоқсан 2017 ж. 1 084 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области