Қазалыда ауласында той жасаған тұрғын 7 тәулікке қамалды
Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 25 наурызында ауласына той жасаған Әйтеке би кентінің тұрғыны Қазалы аудандық сотының шешімімен төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды.Аталған азаматқа қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 476-бабы бойынша іс қозғалып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, 23 наурыз күні «Наурыз» мейрамханасында қыз ұзату тойын жасаған тұрғынға да әкімшілік хаттама толтырылып, аудандық сотқа жолданды.
Бүгін аудандық мобильдік топ мүшелері Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласында той жасаған 2 тұрғынды анықтап, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

























