Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалылықтар төтенше жағдай кезінде көлге серуендеуге барған

Қазалылықтар төтенше жағдай кезінде көлге серуендеуге барған

Kyzylorda-news.kz. Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен карантин режимін бұзған тұлғаларға қатысты 10 әкімшілік іс қаралды.
«Сот отырысында анықталғандай, төтенше жағдай кезінде көлік құралдарының жүруіне шектеу қойылғанына қарамастан кешкі сағат 21.00-ден кейін негізсіз автокөлік басқарып жүрген үш құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 9-тармақшасымен кінәлі деп танылып, екі құқық бұзушы 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, 1 құқық бұзушыға 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», – деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, аудан тұрғындарына кешкі сағат 21.00-ден таңғы 6.00-ге дейін жүруге шектеу қойылғанына қарамастан негізсіз көше бойында балалармен топтасып жүрген екі құқық бұзушы ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен біреуі 5 тәулікке, екіншісі 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қазалы ауданы, Алтай теміржол бекеті жанындағы көлге серуенге шыққан екі құқық бұзушыға соттың қаулысымен 27 780 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды.
Карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды бұза отырып, көше бойында қорғаныс бет-пердесіз жүрген үш құқық бұзушыға ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен ескерту жазасы тағайындалды.

15 сәуір 2020 ж. 200 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области