Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Наталья Годунова: Халықтың табысы «желініп жатыр»

Наталья Годунова: Халықтың табысы «желініп жатыр»

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтардың артық ақша жинауға мүмкіндігі жоқ, өйткені халықтың табысы жартылай «желініп жатыр». Бұл туралы есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол халықтың нақты табысы 5,5 процентке өскенін атап өтті.
«Бұл өте маңызды. Өйткені бізде халықтың нақты кірісі өспеген кездер болды», – деді мәжілісте баяндама жасаған Годунова.
Алайда, оның айтуынша, халықтың шығынында азық-түлік тауарларының үлесі 50 процентке дейін ұлғайған.
Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 процентті құрайды.
«Тіпті, Ресей мен Беларусьте бұл цифр азаматтардың табысының үштен бірінен аспайды. Бұл нені білдіреді? Халықтың табысы жартылай "желініп жатыр", сол себепті азаматтардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі жоқ», – деді ол.
Годунова халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, несиелеу есебінен қамтамасыз етіліп жатқанын айтты. Ал халықтың қарызға батуы әлеуметтік проблемаларға әкеп соғады.
10 маусым 2020 ж. 164 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области