Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 789,8 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 789,8 МЫҢ АДАМДЫ ҚҰРАДЫ


Қызылорда облысы халқының саны 789,8 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы – 44,3%, ауылдық жердегі – 55,7%. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,2 мың адамға өскен.
Аймақтағы халық арасындағы туу көрсеткішінің жоғарылығы байқалады. Осы жылдың 7 айында 10981 сәби дүниеге келіп, 2547 адам өлімі тіркелген. Туу көрсетікішінің есебінен халықтың табиғи өсімі 8434 адамды құрады.
Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Мариям Баекееваның қатысуымен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды.
Сонымен қатар, жиын барысында департамент басшысы халықтың ақшалай табысы мен шығыс көрсеткіштерін баяндап берді.
– Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанында халықтың ақшалай табысы 121,6 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда 10,9 пайызға жоғары. Есептік кезеңде ақшалай шығыстардың құрылымының тұтыну шығыстары – 92,4%, кредит пен борышты өтеу – 4,1%, туыстары мен таныстарына материалдық көмек, алименттер және басқа төлемақылар – 3,5%-ды құрады.
Халықтың тұтыну шығыстарының жалпы құрылымының жартысынан көбін (58,8%) азық-түлік тауарлары, 23,2% азық-түлік емес тауарлар, 18,8% - ақылы қызметтер құрады. 2018 жылдың 2 тоқсанында облысымыздың халқы, орташа адам басына шаққанда азық-түлік тауарларына 63,0 мың теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,4% жоғары, - деді Мариям Баекеева.
21 қыркүйек 2018 ж. 542 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области