Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ


Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы мәліметтерге сүйеніп Қызылорда облысының демографиялық ахуалына байыптасақ, тұрғындар санының артқанын байқаймыз.
Облыстық статистика басқармасының мәліметінше, осы жылғы 1 тамызына облыстағы халық саны 789,8 мың адамды құрады. Соның ішінде қалалықтар – 349,7 мың (44,3%), ауылдықтар – 440,1 мың адамды (55,7%) құрады. 2017 жылғы 1 тамызымен салыстырғанда аймақтағы халық саны 11,2 мың адамға немесе 1,4% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде туылғандар саны 10981 адамды құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырағанда 1,8% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,96 туылғандарды құрады.
Алғашқы алты айдағы облыс халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 266 адамға немесе 3,3% артып, 8434 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,40 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2547 адам. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,56 қайтыс болғандарды құрады.
2018 жылғы қаңтар-шілдесінде облыста 1 жасқа дейінгі 94 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-шілдесімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 2,1% азайды. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,56% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2018 жылғы қаңтар-шілдесіндегі көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 20715 адам кетіп, облысқа 18993 адам келді. 2017 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 3,8% көбейген, ал облыстан кеткендер саны 1,0% азайған.
Алыс және жақын шет елдерге 17 адам (2017 жылғы қаңтар-шілдесінде - 12 адам), республиканың басқа облыстарынан 4916 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5322 адам келген болатын.
Облыстан 6636 адам немесе жалпы көлемнің 32,0% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2017 жылғы қаңтар-шілдесінде тиісінше 7949 адам немесе 38,0% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 27 адам, ал 2017 жылдың қаңтар-шілдесінде 24 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2018 жылдың қаңтар-шілдесінде 1722 адамға, 2017 жылғы қаңтар-шілдесінде 2639 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 14052 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2017 жылғы қаңтар-шілдесінде 12958 адам).

Қызылорда облысының Статистика департаменті
10 қыркүйек 2018 ж. 729 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области