Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бүгін егін егу жұмыстары аяқталды

Қызылордада бүгін егін егу жұмыстары аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін егін егу жұмыстары аяқталды.
Биыл Қызылорда облысы бойынша 183,1 мың гектар жерге егiн егу жоспарланған. Оның ішінде: дәндi дақылдар 95,7 мың, майлы дақылдар 6,0 мың, малазықтық дақылдар 61,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 17,7 мың гектар. Ал, негізгі дақыл күрiштің көлемі 88,2 мың гектар. Осы уақытта алқаптардағы 86 989 гектарға дән себіліп, 86 989 гектар егіс толық суға бастырылған.
Қазіргі таңда, ерте егілетін дақылдар жаздық бидай, арпа,сұлы, мақсары, қант құмайы толығымен орналастырылған.
Сонымен қатар, картоп, көкөніс, бақша және басқада дақылдарды егу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, бүгінгі күні 3,5 мың гектар картоп, 4,7 мың гектар көкөніс, 6,9 мың гектар бақша, 927 гектар сүрлемдік жүгері, 155 гектарға тары, 65 гектар малазықтық асқабақ егілген.
Қазіргі уақытта шаруашылық құрылымдары өткен жылғы жоңышқа дақылының 1-орымын жинауға кірісіп кетті. Күтімге алынған 42,2 мың гектар ескі жоңышқаның 3,2 мың га тұқымға қалдырылса, орылуға тиісті 38,9 мың гектар жоңышқаның 11,5 мың гектар орақ түсті. Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр.
10 маусым 2020 ж. 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области