Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медициналық ұйымдарда 60 млн-нан астам консультативті-диагностикалық қызмет көрсетілді

Медициналық ұйымдарда 60 млн-нан астам консультативті-диагностикалық қызмет көрсетілді

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында ҚР медициналық ұйымдарда 60 млн-нан астам консультативті-диагностикалық қызмет көрсетілді. Өткен жылдың 3 айында бұл көрсеткіш шамамен 40 млн-ды құрады.
Көрсеткіштің өсуі 44%-ды құрады. Ұсынылған қызметтер үшін ӘМСҚ медициналық ұйымдарға 59 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді. Қаржыландыру 105%-ға артты. Қорда консультациялық-диагностикалық көмекке диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу қызметтері, емханаларда қабылдаулар, КТ/МРТ және т. б. кіреді деп түсіндірді.
Қызметтер бөлінісінде емханалардағы қабылдаулар 18,3 млрд теңгеге, зертханалық зерттеулер – 18,1 млрд теңгеге, КТ/МРТ – 8,4 млрд теңгеге, диагностикалық зерттеулер – 3,4 млрд теңгеге қаржыландырылды.
«Көрсеткіштердің өсуі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында 2020 жылы бірқатар медициналық қызметтердің, оның ішінде консультациялық-диагностикалық қызметтердің, қаржыландыруы ұлғайтылғандығына байланысты», - деп мәлім етті ӘМСҚ баспасөз қызметі.
11 маусым 2020 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области