Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ЭЦҚ-ның баламасы пайда болады

Қазақстанда ЭЦҚ-ның баламасы пайда болады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда ЭЦҚ-ның балама жаңа түрі пайда болады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазіргі қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) жаңа «бұлтты» ЭЦҚ-ның басты айырмашылығы – оны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама (NCALayer) орнатудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ЭЦҚ компьютерге емес, қорғалған серверде сақталады және оны пайдалану үшін бейнеидентификациядан өту керек.
«Азаматтар үнемі ЭЦҚ-ға қатысты көп сұрақ қоятын. Біріншіден, ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО-ға бару кейбіреулерге қиындық тудырса, енді біреулеріне ЭЦҚ-ны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнату қажеттігі ұнамады. Осыдан бірнеше ай бұрын біз ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін іске қостық. Ал қазір NCALayer орнатуды қажет етпейтін баламалы электрондық цифрлық қолтаңбаны әзірлеумен айналысудамыз», - деді Асқар Жұмағалиев.
Министр бұл қолданыстағы ЭЦҚ-ның баламасы екенін, оны жоғалтып алу мүмкін еместігін және өзіңізден басқа ешкімнің пайдалана алмайтынын атап өтті.
«Бейнеидентификациядан өтпей, құпия сөзді енгізбей ЭЦҚ-ны пайдалану мүмкін емес. Сіздің цифрлық қолтаңбаңызды өзіңізден басқа ешкім пайдалана алмайды. Қазір «ҰАТ» АҚ, Ақпараттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік техникалық қызмет қауіпсіздік мәселелерін пысықтауда», - деді Асқар Жұмағалиев.
ЭЦҚ-ның жаңа түрі компьютерде немесе басқа да тасығышта сақталмайды. Қызметті алу кезінде жүйе азаматтың серверде сақталған цифрлық қолтаңбасын автоматты түрде табады.
Қазіргі уақытта ЭЦҚ-ның жаңа түрі әзірлеу сатысында. Оны қолданысқа биыл енгізу жоспарда бар.
11 маусым 2020 ж. 173 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру